Бұл туралы ол Фейсбуктегі парақшасына жазған, деп хабарлайды Caravan.kz.
"Алматы. 27 желтоқсан. Сағат 18:00-де… "Бай заков" түнгі клубының шаңырағын ортасына түсіруге барамыз! Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай; #Арыңды нанға сатпа, ҚАЗАҚ! Тексіздер, "демалыңдар!" деп жазыпты Талғат Рысқұлбеков.
Алматы. 27 желтоқсан. Сағат 18:00 де, Сейфуллин көшесі 519. орналасқан(Əйтеке би көшесінің қиылысы) "Бай заков" түнгі клубының шаңырағын ортасына түсіруге барамыз! Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай; #Арыңды нанға сатпа, ҚАЗАҚ! Тексіздер "демалыңдар!"
Posted by Talgat Ryskulbek on Monday, December 25, 2017
Сосын ол Фейсбукте көптеген жігіттермен бірге хормен "Қызға қырық үйден тыю" деп айтқан видеосын жариялады.
"Желтоқсанның жастары" Атқа қона бастады!
Posted by Talgat Ryskulbek on Tuesday, December 26, 2017
Түнгі клубта қазақ қызының ақша үшін шешінгені туралы бұрын хабарлаған болатынбыз. Онда танымал блогер Айжан Байзақованың аты-жөні аталды. Ал кеше ол "ұсақ бұзақылығы" үшін үш тәулікке қамалды.