Жем қаласында 4 жасөспірім мектеп аумағынан кәріз қақпақтарын ұрлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жем қаласында 4 жасөспірім мектеп аумағынан кәріз қақпақтарын ұрлаған

Жем қаласында 4 жасөспірім мектеп аумағынан кәріз қақпақтарын ұрлаған

Жем қаласында төрт жасөспірім мектеп аумағынан кәріз қақпақтарын ұрлады деп айыпталып отыр.

  • 31 Қазан 2012
  • 447
Фото - Caravan.kz

Бұл жайлы ІІД баспасөз қызметінен хабарланды.

27 қазан күні Ембі полиция бөлімінің кезекшілігіне «Жем Жылу» коммуналдық шаруашылығының 44 жастағы директоры хабарласып, 25-27 қазан аралығында белгісіз біреулердің аумақтан 4 кәріз қақпағын ұрлап әкеткенін айтты. Келтірілген шығын 52 мың теңгені құрады.

Полицияның учаскелік инспекторы аталған қылмысты жасау күдігімен 16-17 жас аралығындағы төрт жергілікті жасөспірімді ұстады, олардың екеуі аталған мектепте, тағы екеуі Ақтөбе колледждерінде оқиды.

Ұрланған қақпақтарды олар қараусыз қалған үйде жасырып, қара металды қабылдау орындарына тапсыруды жоспарлаған.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 175 бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілді, күдіктілер ешқайда кетпеу қолхатын толтырды.

Соңғы жаңалықтар