Жеміс-жидек сатып тұрған әйел мен сатып алушы да жол жиегінде қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеміс-жидек сатып тұрған әйел мен сатып алушы да жол жиегінде қаза тапты

Жеміс-жидек сатып тұрған әйел мен сатып алушы да жол жиегінде қаза тапты

Қарағанды облысында көлік жүргізушісі жол жиегінде жеміс-жидек сатып тұрған әйелді қағып, мерт қылды. Саудагердің жанында жидек сатып алғалы жатқан келіншек те көліктің астына түсіп, жантәсілім етті. Жантүршігерлік апат республикалық маңызы бар  Алматы-Екатеринбург  тас жолында орын алды.

  • 28 Маусым 2011
  • 466
Фото - Caravan.kz


Екі адамды қаққан «Toyota RAV4» көлігінің жүргізушісі жылдамдықты шектен тыс асырған. Құлпынай сатушы да, сол жидекті сатып алу үшін жолшыбай  аялдаған  «Фольксваген» көлігінің жолаушысы да оқиға орнында қаза тапты. Соққының қатты болғаны соншалық, екі әйел  15 метр жерге дейін ұшып кеткен. Ал оқиғаға  кінәлі жүргізуші тізгінге ие бола алмай  жолдан шығып, біреудің бау-бақшасына кеп тірелген. «Toyota RAV4-тің» жүргізушісі мен салонда болған жолаушы қыз дін аман. Екеуі де ауруханада. 

Соңғы жаңалықтар