Жемқорлардан тәркіленген ақшаға тағы 25 мектеп салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жемқорлардан тәркіленген ақшаға тағы 25 мектеп салынады

Жемқорлардан тәркіленген ақшаға тағы 25 мектеп салынады

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәжілістің жалпы отырысында биыл жемқорлардан тәркіленген ақшаға 25 мектеп салынатынын айтты.

  • 26 Маусым
  • 9
© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 369 мектеп салу көзделген. Жемқорлық қылмыстары аясында тәркіленіп, қайтарылған қаражат есебінен былтыр 36 білім нысаны бой көтерсе, биыл тағы 25-і қолданысқа берілмек.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы және жергілікті бюджеттен өткен жылы 7 мектеп пайдалануға берілсе, биылғы меже тағы 6 нысан салу болып отыр. Белсенділік танытып келе жатқан қосымша бір бағыт – бұл бизнес-инвестиция. Өткен жылы 56 жекеменшік мектеп іске қосылды», — деді Тамара Дүйсенова.

Мұндай жекеменшік мектептердің саны бүгінде 667-ге жеткен. Онда 250 мыңнан аса бала тәрбиеленіп жатыр.

«Жалпы мектеп салу үшін барлық көздерден бөлінген қаражаттың 2 жылдық сомасы 2,4 трлн теңгені құрап отыр», — деп толықтырды Дүйсенова.

Жаңа нысандардан бөлек, қолданыстағы ғимараттарды жөндеу жұмыстары да назардан тыс қалмады. Биыл елдегі 270 мектепті күрделі жөндеу қарастырылған.