Жемқорлардан тәркіленген қаржыға тағы бірнеше мектеп салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.21
  • 590.09
+15 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жемқорлардан тәркіленген қаржыға тағы бірнеше мектеп салынады

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға тағы бірнеше мектеп салынады

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 28 жаңа мектеп салынады

  • 26 Ақпан
  • 3
ФОТО: Акимат Абайской области

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 22 мың оқушыға арналған тағы 28 жаңа мектеп салынады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған қор жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Оның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдары үшін жаңа ғимараттар салу, кеңейту арқылы апатты мектептер мен орын тапшылығын жою”, — дейді министрлік.

Бүгінгі таңда 74,4 мың орындық 61 мектеп пайдалануға берілді, оның 29-ы ауылдық елді мекендерде орналасқан.

Былтыр 25 мектеп салынды, олардың басым бөлігі Астана қаласында және Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарында орналасқан. Барлық білім беру ұйымы заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Естеріңізге сала кетейік, білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен 100 мыңға жуық оқушы баратын 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды.