Жарияланды: 420

Жемқорлық тақырыбын қаламдарына арқау еткен журналистер марапатталды

Жемқорлық тақырыбын қаламдарына арқау еткен журналистер марапатталды

Бүгін «Нұр Отан» ХДП жемқорлықпен күрес бойынша 2012 жылы ең үздік журналистік материалдар байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

«Басты міндеттердің бірі жемқорлықтың тамырына балта шабу. Елбасы өз Жолдауында мемлекет пен қоғамды біртұтас қол болып жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге шақырды. Өйткені, жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке төніп тұрған тікелей қатер. Біз заң салтанат құрған құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз»,-деді «Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Боран Рахымбеков. Оның сөзіне қарағанда, бұл байқауға қатысуға ниет білдірушілердің саны жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2008 жылы алғаш ұйымдастырылған байқауға еліміздің 9 аймағынан 36 адам 104 еңбегін тапсырса, 2012 жылы барлық өңірлерден 77 журналист 228 материалын ұсынды. Сонымен, «электрондық БАҚ-та ең үздік материал» аталымы бойынша бірінші орынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Апта kz» хабарының жүргізушісі Есболат Айдабосынов, ал «баспасөз БАҚ-та ең үздік жарияланым» аталымында бірінші орынды «Нұр Отан» ХДП Жемқорлыққа қарсы күрес медиа-орталығының редакторы Айнұр Серімова иеленді. Сонымен қатар, «ең үздік журналистік сараптама» аталымы бойынша бірінші орынға лайық деп «31-арна» телеарнасының тішісі Геннадий Бендицкий танылды. Бұдан бөлек, Қаржы полициясы тағайындаған жүлде аясында бірінші орынды «Казахстанская правда» газеті құқықтық бөлімінің редакторы Ольга Семенова алды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін