Бұл туралы актер Асқар Наймантаевтың жеке парақшасына салған жазбадан белгілі болды, деп хабарлайды Caravan.kz.
Актер Алматыда "Қызық кәнсерт" атты кеш өтетінін айтқан. Ал оның афишасында басқа да танымал актерлермен қоса Тұңғышбай Әл Тарази (Жаманқұлов) де бар.
Естеріңізге салсақ, Тұңғышбай Жаманқұлов өткен жылы маусым айында фильм түсіруге бөлінген 69 миллион теңгені жымқырғаны үшін сыбайластарымен бірге шартты түрде 7 жылға сотталған еді. Бұл жазаның өзі рақымшылыққа байланысты екі есе қысқартылды.