Жемқорлықпен күресте "Нұр Отан" ХДП жанынан құрылып жатқан партиялық бақылау комитеті маңызды рөл атқаруы тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жемқорлықпен күресте "Нұр Отан" ХДП жанынан құрылып жатқан партиялық бақылау комитеті маңызды рөл атқаруы тиіс

Жемқорлықпен күресте "Нұр Отан" ХДП жанынан құрылып жатқан партиялық бақылау комитеті маңызды рөл атқаруы тиіс

Астана. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Жемқорлықпен күресте "Нұр Отан" ХДП жанынан құрылып жатқан партиялық бақылау комитеті маңызды рөл атқаруы тиіс. Бұл туралы кеше Қазақстан Республикасының президенті, "Нұр Отан" ХДП төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда атап көрсетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 7 Қараша 2008
  • 619
Фото - Caravan.kz

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен өткізілген форум жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары, парламент депутаттары, партияның аймақтық филиалдарының басшылары, «Нұр Отан» ХДП-ның жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық және аймақтық қоғамдық кеңестердің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және ғалымдар қатысты.

Жемқорлыққа қарсы қызмет деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде көш бастап келеді. Біз посткеңестік кеңістікте бірінші болып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдап, сыбайлас жемқорлық деп танылатын қылмыстардың нақты тізбесін бекіттік, оны жасаған айыпталушыға қатаң қылмыстық жауапкершілік белгіледік. Мемлекет басшысының бастамасы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған тұлғаларға мемлекеттік органдарда, ұйымдарда кез-келген қызметті атқаруға өмірбойы тыйым салынады.

Қазақстанда Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттік құрылып, белсенді жұмыс атқаруда. ҚР президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудың маңызды тетігі болып табылады. «Нұр Отан» партиясы да үлкен жұмыс атқарып отыр.

Алайда, мемлекет басшысының пікірінше, жемқорлыққа қарсы жүйе толыққанды әрі барынша тиімді жұмыс істеп жатыр деп әзірге айта алмаймыз. Бұл бөліктегі құқық бұзушылық статистикасы теріс күйінде қалып отыр. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары салдарынан келген материалдық шығын миллиардтаған теңгені құрайды. Мұндай жағдай бізді мүлдем қанағаттандырмайды.

Елбасы Н.Назарбаев Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жалпыұлттық іс-қимыл жоспары қабылданғанын жеткізді. Оны жүзеге асыру келесі бағыттар бойынша іске асырылады: жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру; мемлекеттік басқару функцияларын нақтылау және оңтайландыру; мемлекеттік аппараттың жұмыс сапасын жетілдіру; жемқорлықты анықтау және оған қарсы әрекет ету жүйесін жетілдіру; қаржы-экономика саласындағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу; мемлекеттік тексеріс жүйесін оңтайландыру және айқындығын қамтамасыз ету; қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздікті қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясысының алдына жемқорлыққа қарсы кең қоғамдық қозғалысты басқаруды, Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жалпыұлттық іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру міндетін қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті