Жарияланды: 460

Жемқорлыққа қарсы күрес кеңесі төрағасының ұлы анықтама алу үшін пара берген

Жемқорлыққа қарсы күрес кеңесі төрағасының ұлы анықтама алу үшін пара берді! Мұны бүгін қалың көпшілікке Оралбай Әбдікәрімовтың өзі жасырмай жайып салды. Бұл тақырып Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жайындағы құжатқа қатысты бүгін Сенатта көтерілді. 

Оралбай Әбдікәрімов,Сенат депутаты:

- Мен өз басымды айтайын. Менің балам барып анықтама алам деді. Осыдан екі жыл бұрын. Айтыпты, бір жұмадан кейін дайын болады деп. Ол «маған ертең керек» деген, - ендеше, давай, 300 мың теңге бер, кешке аласың, - деген. «Мен не істеймін?» - дейді. Мен айттым: «Заңмен істе» деп!

Содан кешке келіп тұр, «30 мыңды төледім, анықтаманы алдым» деп. Қазір «жоқ» деп айтуға аузымыз бармайды, өйткені әлі жалғасуда.

Ғани Қасымов,Сенат депутаты:

- Борец коррупцииномер один Ореке. Унего тоже вымагают уже- 300 тыс.тг. Ну что это такое?! Ну что у нас за страна такая, понять не могу!

Бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істейтін Халыққа қызмет көрсету орталықтары әуелі Әділет министрлігінің, одан кейін жергілікті әкімшіліктердің қарамағында болған. Бірақ қуаты күшті жемқорлық соның өзінде де ауыздықталмады. Енді бұл орталықтарды Ақпарат және байланыс министрлігінің қарамағына беру туралы шешім шығып, сенаторлар бүгін тиісті қаулыны қабылдады. «Ендігі бар үміт - аталған министрлікте», -дейді депутаттар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть