"Жемқорлықтың нағыз көкесі": Жамбыл облысында оқушылар уланған асханаға жауапты мердігер компанияның былығы әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.24
  • 529.34
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жемқорлықтың нағыз көкесі": Жамбыл облысында оқушылар уланған асханаға жауапты мердігер компанияның былығы әшкереленді

"Жемқорлықтың нағыз көкесі": Жамбыл облысында оқушылар уланған асханаға жауапты мердігер компанияның былығы әшкереленді

Жамбыл облысында мектеп асханасында уланған мектеп асханасында уланған оқушыларға қатысты тың дерек шықты.

  • 8 Қараша 2023
  • 266
Фото - Caravan.kz

Белгілі болғандай асханаға жауапты мердігер компанияның облыс бойынша 26 мектептің тендерін ұтып алған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Бұл туралы журналист Ерқанат Көпжасар мәлімдеді. 

"Жамбыл облысында 46 бала мектеп тамағынан уланып қалды. Мердігер компания 26 мектептің тендерін ұтып алған екен", — деп жазды ол өзінің желідегі парақшасында.

Көпшілік аталған жайтты естіп, бір компанияның осыншама тендерді ұтып алғанына таң қалысты. 

"26 мектептің асханасын бір ғана компания ма, жемқорлықтың нағыз көкесі ғой…", "26 мектеп асханасын неге бір кәсіпкер қана алады? Басқа кәсіпкерлерге жұмыс керек емеспе, ақшадан өліп не болды, 26 асхананы қойып, 6 асханаға әрең үлгересің", "Сұмдық жағдай. Осы тендерді ұтқызған адамдарды жазалау керек, сол кезде бір нәрсе өзгерер" деп жазды олар.