Женевада БҰҰ азаптауға қарсы конвенциясын жүзеге асыру шаралары жөніндегі Қазақстанның баяндамасы қорғалады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Женевада БҰҰ азаптауға қарсы конвенциясын жүзеге асыру шаралары жөніндегі Қазақстанның баяндамасы қорғалады

Женевада БҰҰ азаптауға қарсы конвенциясын жүзеге асыру шаралары жөніндегі Қазақстанның баяндамасы қорғалады

Астана. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Женева қаласында 6-7 қарашада БҰҰ азаптауға қарсы комитетінің 41-ші сессиясы барысында азаптауға қарсы және басқа аяусыз, адамшылыққа жат және адамның ар-намысын таптайтын жазалар түрлеріне қарсы Конвенцияны жүзеге асыру және оны іс жүзінде орындау туралы Қазақстан Республикасының екінші мерзімдік баяндамасы қорғалады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 3 Қараша 2008
  • 458
Фото - Caravan.kz

Аталған баяндаманы қорғауға баратын Қазақстан өкілдерінің құрамында ҚР Әділет министрлігінің вице-министрі Дәулет Құсдәулетов бастаған Жоғарғы сот, Бас прокуратура, адам құқығы жөніндегі ұлттық орталығы, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігі, Әділет, Денсаулық сақтау және Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар