Жарияланды: 420

Женевада «Назарбаев орталығы» мен АТОМ Жобасының тұсаукесері өтеді

2012 жылдың 19 қарашасында Женевада «Назарбаев орталығы» мен АТОМ Жобасының тұсаукесері өтеді. Бұл туралы «Назарбаев орталығының» баспасөз қызметі хабарлады.

«Назарбаев орталығы» қызметін таныстыратын тұсаукесерде ҚР Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау комиссиясының төрағасы, «Назарбаев орталығы» директоры Қанат Саудабаев сөз сөйлейді деп жоспарланған. Дәл сол күні АТОМ Жобасы аясында БҰҰ Ұлттар Сарайының Көрме залында «Әлемге сабақ: Қазақстандағы кеңестік ядролық бағдарламаны бөлшектеу тарихы» фотокөрмесі және «Менің сіздерді құшақтайтын жүрегім ғана бар: Кәріпбек Күйіков шығармашылығы» атты сурет көрмесінің ашылу рәсімі өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін