Продюсер бүгінде жеңіл жүрісті қыздардың өзі хиджаб киіп, тоқал болып жүргенін де жасырмады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Өз сұхбатында Айнұр Жүгінісова келіндер тақырыбын да қозғады.
«Керемет, кеуделі еркектің қасында жатқыларың келеді иә, жас қыздар? Сол кезде мен кейде біліп отырамын, бұл балалардың ажырасып, ажыраспайтынын… Шешелерінен біліп отырамын, мысалы қыздың шешесін көргенде: «Ай, обал-ай деп, ана күйеу баланы аяп тұрамын». Мен Аллаға шүкір деймін, Жүгінісовтардың келіндері бізге берілген деп… Мен артист, актриса болдым… Актриса болғанда біз не кимедік? Шашты жіберіп те жүрдік, өздеріңіз сияқты тыртыстырып та, жабыстырып та киіп жүрдік. Арабтың қап-қара киімін біздің қыздар киіп жүргенде, біз қорқамыз ғой? Қасынан өткенде, бірдеңе саған жасап кететіндей, мен өзім қорқамын… Бір күні арабқа, орысқа, бір күні Еуропаға, бір күні білмеймін ертең Тайландқа қа құлайтын шығармыз. Киінді ме, ол өмірлік бас киім, бүгін шешіп, ертең киетін бас киім емес. Жеңіл жүрісті қыздардың өзі сол хиджабты киіп, біреудің тоқалы болып жүр… Біз балалардың көзіне матриархатты үйретіп жатырмыз, шеше шешу керек, шеше бару керек…», — деді ол.