Бейсенбі күні, 22 желтоқсанда итальяндық Маттео Боничиоллидің тәрбиеленушілері Қазақстанның батысындағы атыраулық «Барыстармен» айқаста 72:68 есбеімен жеңіске ежтті.
ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған баскетболдан Ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогы 18-22 желтоқсан күндері өтті. Оған бес баскетбол клубының өкілдері: елордалық «Астана», қостанайлық «Тобыл», ақтаулық «Каспий», Атыраудан — «Барыстар» және «Атырау-2» командалары қатысты. Алматылық «Алматы» клубы Кубокқа қатысудан босатылды.
Турнирдің басты фавориті, әрине, «Астана» баскетбол клубы болғаны сөзсіз, елордалық клуб төрт матчты да жеңіліссіз өткізді.
2010 жылғы баскетболдан ҚР Кубогының иегері Атыраудың «Барыстар» командасы болған еді.