1-наурыз, сейсенбіде 30 ардагер, тыл еңбеккерлері мен бұрынғы концлагерь тұтқындары Астанаға аттанып та кетті. Облыс орталығы мен барлық аудандардан 14 рейс ұйымдастыру көзделіп отыр. Жалпы алғанда жеңіс мерейтойы қарсаңында Астананың кескін-келбетімен облыстың 420 тұрғыны танысып қайтады. Олардың басым бөлігі жаңа Елордасында бұрын-соңды болмаған, тіпті кейбірі алғаш рет ұшаққа мінгелі отыр.
Астанаға осындай алғашқы саяхат өткен жылғы күзде ардагерлер үшін ұйымдастырылған. Ал 2005-жылы облыстық бюджеттен алғаш рет аталмыш мақсатқа 10 млн. теңге бөлінді.