«Біздің мақсатымыз – сіздердің жарқын істеріңіз туралы естеліктерді сақтап көбейте түсу. Ар үні ақиқат үнін жеткізуге қажет нәрсенің бәрін жасауға мәжбүрлеп жатыр. Бақытымызға қарай қалада осындай маңызды жұмыстарды атқарып, кітап жазып жатқан адамдар бар», — деді сәрсенбі күні ҚХКП филиалының 1-ші хатшысы Вячеслав Артемьев кітапты таныстыру барысында.
Бұл ретте ол майданнан жазылған хаттар «соғысқан адамдар туралы көптеген мағлұматтар беретін ерекше әлем» екенін атап өтті. «Әрине, бұл хаттар жеке адамдарға арналып, жариялануға есептелмеген», — деді В. Артемьев.
Кітап бірнеше бөлімнен тұрады: хаттардың мәтінінен, қаза болғандардың отбасымен сұхбаттан, майдан шығармашылығы мен соғысқа арналған шағын шығармалардан тұрады.
Басылым Ұлы Отан соғысының мәнін аға буындардардай сезіне бермейтін жастарға бағытталған.
Басылым тиражы 500 дана. Тираждың бір бөлігін ҚХКП сатып алып, Алматы кітапханаларына тапсырмақшы.