«Жеңісімді өмірлік ғұмырымда мені қолдап, маған сенген адамдарға арнаймын» - St.Petersburg Open-2010 жеңімпазы, қазақстандық теннисші М.Кукушкин - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жеңісімді өмірлік ғұмырымда мені қолдап, маған сенген адамдарға арнаймын» - St.Petersburg Open-2010 жеңімпазы, қазақстандық теннисші М.Кукушкин

«Жеңісімді өмірлік ғұмырымда мені қолдап, маған сенген адамдарға арнаймын» - St.Petersburg Open-2010 жеңімпазы, қазақстандық теннисші М.Кукушкин

«Өз жеңісімді өмірлік ғұмырымда мені қолдап, маған сенген адамдарға арнаймын», - дейді St.Petersburg Open-2010 турнирінің финалында ресейлік спортшы Михаил Южныйды жеңген Қазақстан теннисшісі Михаил Кукушкин.

  • 2 Қараша 2010
  • 530
Фото - Caravan.kz

Бүгін таңертең М. Кукушкин мінген ұшақ Астанаға қонды. Біраз тынығып алғаннан соң, ол қазақстандық журналистермен кездесті.

«St.Petersburg Open турнирінің ең ауыр кездесулері ретінде ширек финалда Ианко Типсаревич пен ақтық турда Михаил Южныймен ойнаған ойындарымды атап өтер едім. Финал өте ауыр тартыста өтті. Біз әрбір доп үшін таластық. Екінші сет 1 сағат 42 минут жалғасты. Бұл матч бар күшті сарқып алды»,-дейді М. Кукушкин баспасөз мәслихатында.

«Біз Южный екеуміз былтырдан бері бірге жаттығуда болып, бірге дайындалып келеміз. Жаттығуда жиі-жиі бірге дайындалуымыз қарсыластың осал және мықты тұстарын жақсы тануға, ұтымды тактика ойлап табуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар әлемдік ондықтағы ойыншысымен бірлесіп дайындық жасау өзінің пайдасын әкелгені сөзсіз»,-деп атап көрсетті ол.

М. Кукушкиннің айтуынша, Challenger ATP PRESIDENTS CUP сериялы халықаралық турнирінен кейін, ол қараша айының орта кезінде өтетін Қытайдағы жазғы Азия ойындарына Қазақстан атынан қатысуға аттанады. Сонымен оның ойын маусымы биылға аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, финалдық ойында М.Кукушкин Ресей спортшысын екі сеткада 6:3, 7:6 есебімен жеңген болатын.

Санкт-Петерборда қол жеткізген жеңісінен кейін Михаил Кукушкин әлемдік теннис дәреже сатысында жоғары көтеріліп, 113 мың долларлық жүлде қорын қанжығасына байлады. St.Petersburg Open (Санкт-Петербор Опен) — бұл 1995 жылдан бастап Санкт-Петерборда өтетін ерлер арасындағы теннис турнирі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера