Жеңістің 60 жылдық мерейтойына орай Варшава қаласында ТМД елдерінің елшіліктері біріккен мерекелік шаралар өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеңістің 60 жылдық мерейтойына орай  Варшава қаласында ТМД елдерінің елшіліктері біріккен мерекелік шаралар өткізді

Жеңістің 60 жылдық мерейтойына орай Варшава қаласында ТМД елдерінің елшіліктері біріккен мерекелік шаралар өткізді

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 60-жыл толуы мерекесіне орай Польша Республикасының астанасы Варшава қаласында ТМД елдері елшіліктерінің ұйымдастыруымен біріккен мерекелік шаралар өткізілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Мамыр 2005
  • 685
Фото - Caravan.kz

Жеңіс күнінің құрметіне арналған мерекеге Польшадағы дипломатиялық корпус, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай Халық Республикасы, Италия, Германия, Испания, Жапония елшілері мен әскери атташелері, ТМД елдері мен поляк ардагерлері шақырылды. Польша Республикасының үкіметі атынан сыртқы істер министрінің орынбасары Б.Залесский, басқа да қоғам және өнер қайраткерлері Варшавадағы Кеңес әскерлерінің мемориалы мен Екінші Дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Ұлттық дастарханнан дәм татқан поляк, ресей, украин және беларус соғыс ардагерлері ардагерлеріне Қазақстанның Польшадағы төтенше және өкілетті елшісі Т.Сүлейменовтан концентрациалық лагерьлерде тұткында болған майдангерлер мен тылдағы еңбек өздерінің қазақ майдангерлеріне деген жалынды сәлемдері мен көпұлтты бауырлас Қазақстан халқын Ұлы Жеңіс күнімен құттықтауларын жеткізуді өтінді.
Қабылдау рәсіміне жиналған қонақтарға Ұлы Отан соғысы барысында ерлік көрсетіп, Еуропа жерін фашист басқыншыларынан азат еткен кеңестік жауынгерлер жайлы деректі кинохроникалар таспасы және Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен Ұлы Жеңіс шеруі көрсетілді.

Перейти к новостям спорта