"Жеңілтек, нәпсіқұмар. Жанқошты ұнатқаны рас": Әнару Құрманәлінің құрбысы бар шындықты жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жеңілтек, нәпсіқұмар. Жанқошты ұнатқаны рас": Әнару Құрманәлінің құрбысы бар шындықты жайып салды

"Жеңілтек, нәпсіқұмар. Жанқошты ұнатқаны рас": Әнару Құрманәлінің құрбысы бар шындықты жайып салды

Танымал боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп арыз жазған Әнару Құрманәліге қатысты тың деректі құрбысы айтып берді.

  • 29 Тамыз
  • 10641
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, 2018 жылы «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде Әнару Құрманәлі боксшы Жанқош Тұраровпен танысқан. Оны Балжан есімді құрбысы да растап отыр. 

“4-курстың соңына қарай бәріміз жан-жаққа өндірістік іс-тәжірибеден өтуге кеттік. Мен Астана қаласынан өтетін болдым. Әнару Алматыда қалды. 1-курстан бері құрбылармыз. Содан екі қалада тұрсақ та, хат-хабар үзген жоқпыз. Ол кез ақпан-наурыз айлары еді. Жанқош та Әнаруға сол кезде жазған. Алматыға келгенде боксшы жігіттің құрбымызға ғашық екенін білдім. Диплом жазып жүрген қарбалас уақыт болғасын ешкім оған мән бермеді. Бірақ түлектер кешінде Әнарудың көңіл-күйі бұрынғыдай жарқын емес еді. Әлденеге алаңдап, қобалжып жүргендей болды. Біз танитын құрбымыздың мінез-құлқынан өзгерісті байқай бастадық”, – дейді Балжан. 

Құрбысының айтуынша, достары Әнарудың көңілсіз жүргеніне анасының қазасы ауыр соққы болды деп ойлаған. 

“Баяғы ашық-жарқын, белсенді қыз емес, үнемі мұңайып жүретінді шығарды. Біз дүниеден озған анасын сағынып жүр деп ойладық. Әкесі де танымал сазгер екенін студент кезде білдік. Әкесінің абыройын түсіргісі келмейтінін, одан аяқ тартып жүретінін айтып отыратын. Бірге тамақтанып, араласып тұрды. Жатақханадан “Әкеммен кездесуге кетіп барамын” деп жиналып жүргенін талай көрдік. Бірде әкесі Шәмші Қалдаяқовтың концертіне екі билет беріп, екеуміз көріп қайтқанбыз. Алматыда туысқан әпкесі де болды. Сол үйге де жиі барып тұратын”, – деп бастады әңгімесін Балжан. 

Одан кейін Әнару боксшы жігіттің отбасылы екенін білген бойда бірден араларын үзгісі келген. 

“Ол жігіт әлеуметтік желіде ешқандай отбасылық жағдайын көрсетпегесін, Әнару бойдақ деп ойлады. Бірақ шындық ашылғасын бірден қарым-қатынасты үзгісі келді. Тіпті сол жігіттен құтылу үшін басқа қалаларға барып тұрды. Халық құрбымызды “нәпсіқұмар”, “жеңілтек” деп сөгіп жатыр екен. Ондай айыптауларға жол бермейміз. Құрбымыз сөйлегенде эмоцияға берілуі мүмкін, бірақ ол өтірік айтпайды. Әділетсіздікті көрсе шыр-пыр болып кетеді”, – деді құрбысы. 

Сондай-ақ Балжан Әнарудың мазасын ала берген жігіттен құтылу үшін екі рет арыз түсіргенін де айтып қалды. 

“Жанқошты ұнатқаны рас. Оның беделін түсіргісі келмегесін, оңаша отырып, сөйлескісі келді. Бірақ жағдай ушығып кетті. Боксшы іздеушісі жоқтай, басына берген. Әнару екі рет арыз жазса да, қаралмаған. Жанқош арыз жазған сайын таныс адамдарын ортаға салып, арандатып келген. Біз құрбымызды кінәсіз деп тұрған жоқпыз. Зорлық көрсетіп, психологиялық соққы жасаған жігіт тиісті жазасын алуы керек. Жәбірленуші қашанғы кінәлі бола береді. Әнарумен күн сайын хабарласамыз. Оның қазіргі және кейінгі қауіпсіздігіне алаңдап отырмыз”, – деді Балжан.