Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу дирекциясынан көкпар мен көк бөрідегі жүлделі орындар үшін мынадай сыйақылар белгіленген:
- 1 орын үшін — 10 млн теңге;
- 2 орын үшін — 6 млн теңге;
- 3 орын үшін — 4 млн теңге.
Сондай-ақ, Көк бөрі республикалық федерациясының президенті Бауыржан Әбдірашитовтың атынан мынадай жүлде қоры белгіленген:
- Көкпар бойынша бірінші орын үшін әр спортшы мен әр жаттықтырушыға 5 млн теңгеден;
- Көк бөрі бойынша бірінші орын үшін әр спортшы мен жаттықтырушыға 10 млн теңгеден.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын жеңді.