Жеңіске 80 жыл: Астанадағы парадта аты аңызға айналған танктер мен зеңбіректер болады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+14 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеңіске 80 жыл: Астанадағы парадта аты аңызға айналған танктер мен зеңбіректер болады

Жеңіске 80 жыл: Астанадағы парадта аты аңызға айналған танктер мен зеңбіректер болады

3000-нан астам әскери қызметші парад алаңында жүріп өтті

  • 9 Сәуiр
  • 8
ФОТО: Пресс-служба Минобороны Казахстана

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Астанадағы 68665 әскери бөлімінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге дайындықтың қалай жүріп жатқанын көрсетті, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.

В Астане готовятся к параду, посвященному 80-летию Победы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025

Астанадағы парадта аты аңызға айналған танктер мен зеңбіректер болады

© Photo : Пресс-служба Минобороны Казахстана

«Шеруге қатысушыларды іріктеу кезінде бәріне бірдей физикалық дайындығы, денсаулық жағдайы, бойы бойынша қатаң талаптар қойылды», — деді құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев.

7 мамырда Тәуелсіздік даңғылының бойымен жүретін парадқа негізінен құрлық әскерлері қатысады. Салтанатты шеруге мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық ұланының, шекара қызметінің, төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері де қатысады.

В Астане готовятся к параду, посвященному 80-летию Победы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025

Астанадағы парадта аты аңызға айналған танктер мен зеңбіректер болады

© Photo : Пресс-служба Минобороны Казахстана

Парадтың қорытынды бөлігінде Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған Т-34 танктері және ЗИС-2 (калибрі 57 мм) зеңбіректері бар ЗИЛ-157, М-30 (калибрі 122 мм) гаубицалары бар ЗИЛ-157, есептоптарымен БМ-13 «Катюша» автомобильдерінің шеруі қарастырылған. Шеруде қала тұрғындары мен қонақтары «Арлан», «Cobra», «Стрела-10», «ТОР», «БУК», БТР-82А, «Алмаз», «Агат», «TEODor» секілді әскери техниканы тамашалай алады.

7 мамырда Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру өтеді.

Оған 4 мыңнан астам әскери қызметкер мен 300-ден астам қару-жарақ пен әскери техника қатысады.

Парадтың әуедегі техникаға арналған бөлігіне майдандық, армиялық және әскери-көлік авиациясының 66 ұшағы қатысады.