Жеңістің 80 жылдығына арналған велошеру Оралға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.16
  • 588.48
+14 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеңістің 80 жылдығына арналған велошеру Оралға жетті

Жеңістің 80 жылдығына арналған велошеру Оралға жетті

Ресейдің бас консулы Алексей Грубый велошеру қатысушыларын қарсы алды

  • 15 Сәуiр
  • 5
ФОТО: Генконсульство России в Уральске

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған велошеру Орал қаласына жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ресейдің бас консулдығына сілтеме жасап.

Велошеруге өзбектің танымал опера әншісі, саяхатшы Хурсанд Шеров бастамашы болды. Ал Қазақстанда оған жергілікті велотуристер Қайрат Ырғызбаев пен Жұмабай Отарғалиев қосылды. Жұмабай Отарғалиев биыл 70 жасқа келіп отыр.

Күні кеше велошабандоздар Орал қаласына жетті. Сол жерде Ресейдің бас консулы Алексей Грубыймен және вице-консул Константин Погарельскиймен де кездесіп үлгерді.

«Қазақстанның кең даласын оңтүстіктен солтүстікке дейін жүріп өткеннен кейін энтузиастар Ресей қалалары – Орынбор, Самара, Ульяновск, Пенза, Рязань, Тверь мен Волоколамск қалаларына бет алады. Велошеру 9 мамырда Мәскеу қаласында аяқталады», — дейді консулдық қызметкерлері.