"Женпи - әйел дайындайтын институт болды": Омар Жәлел қыздар университеті туралы күтпеген мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+14 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Женпи - әйел дайындайтын институт болды": Омар Жәлел қыздар университеті туралы күтпеген мәлімдеме жасады

"Женпи - әйел дайындайтын институт болды": Омар Жәлел қыздар университеті туралы күтпеген мәлімдеме жасады

Абайтанушы ғалым, қоғам белсендісі Омар Жәлел Алматыдағы қыздар педогогикалық университеті әйел дайындау үшін ашылғанын айтты.

  • 10 Желтоқсан 2024
  • 158
Фото - Caravan.kz

Оның еліміздегі ірі оқу ордасы туралы айтқан бұл сөзі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Омар Жәлелдің сөзінше, кезінде қазақтың оқыған азаматтары қазақ қыздарын менсінбей кеткен. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар орыстың немесе татардың білімді қыздарын алған. Ал, бұл проблеманы шешудің жолы білімді қыздарды дайындайтын оқу орнын ашу болған.

«Оқыған қазақтың жігіті оқымаған қазақтың қыздарын менсінбей қалды. Бұл проблеманы Темірбек Жүргенов қалай шешті, білесіз бе? Сонда, сол проблеманы шешу үшін Темірбек Жүргенов ЖЕНПИ-ді неге салды? Ол — оқыған қазақ жігіттеріне қалыңдық дайындайтын институт. Қазақ жігіттері мен бүкіл Алматы ЖЕНПИ-ден шықпайтын болды», — дейді Омар Жәлел.