Жер бетінде мұз дәуірі 18 мың жылдан соң болады, 10 жылдан соң планетаға астероид ұшып келеді - сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 529.99
  • 546.63
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жер бетінде мұз дәуірі 18 мың жылдан соң болады, 10 жылдан соң планетаға астероид ұшып келеді - сарапшы

Жер бетінде мұз дәуірі 18 мың жылдан соң болады, 10 жылдан соң планетаға астероид ұшып келеді - сарапшы

Жер бетінде жаңа мұз дәуірі жуық арада бола қоймайды, деді дүйсенбіде журналистерге Ресей мемлекеттік гидрометеорология университетінің профессоры Валерий Малинин.

  • 24 Желтоқсан 2012
  • 512
Фото - Caravan.kz

«Бұл 18 мың жылдан кейін болатын құбылыс. Жер мұздан суық орнайтындай жаққа жылжуда. Әзірге бізде парник әсерінен ғаламдық жылу болмақ. Сол себепті алдағы жылдары күн жылы болады», деді В.Малинин.

Ол ондаған мың жылға дейін өркениеттіліктің арқасында мұздан сақтанатындай шаруалар атқарылар, деген үмітін білдірді.
Профессор атап өткендей, он жылдан соң Жерге астероид жақындап келмек. «Әзірге оның траекториясы жермен қиысып отыр. Егер ол біздің планетаға соқтығысса, оның әсері мыңдаған атом бомбасының жарылу деңгейіне тең болмақ. Бірақ әзірге уақыт көп, оның жолының аздап өзгеруінің өзі біздің орбиталарымыздың соқтығысуынан сақтандыруы мүмкін», деді ол.