Жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстанның өнімдерін сатып алуды ұлғайту жөніндегі меморандумдардың шарттарын орындамай отыр - ҚР индустрия және сауда министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстанның өнімдерін сатып алуды ұлғайту жөніндегі  меморандумдардың шарттарын орындамай отыр - ҚР индустрия және сауда министрі

Жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстанның өнімдерін сатып алуды ұлғайту жөніндегі меморандумдардың шарттарын орындамай отыр - ҚР индустрия және сауда министрі

Астана. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР индустрия және сауда министрі Владимир Школьниктің пайымдауынша, жер қойнауын пайдаланушылар мен отандық тауар өндірушілер Қазақстанның өнімдерін сатып алуды ұлғайту жөніндегі меморандумдардың шарттарын орындамай отыр. Бұл туралы ол "Отандық машина жасауды дамыту: Қазақстанның үлесін ұлғайту" атты республикалық кеңес барысында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Қараша 2008
  • 554
Фото - Caravan.kz

«Еске сала кетейін, 2006 жылдың 31 наурызында ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен компаниялар тобы «Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуды жүзеге асыру қызметіндегі ашықтық бастамасын жүзеге асыру туралы» меморандумдарға қол қойған. Оған 21 мұнай, 22 тау-кен өндіру компаниялары мен тағы 23 отандық тауар өндіруші қол қойды. Сондай-ақ, «Жер қойнауын пайдаланудың сервистік нарығында жергілікті үлесті дамыту туралы» жөніндегі меморандумға 26 мұнай, 21 тау-кен өндіру компаниялары мен 45 отандық тауар өндіруші қол қойды», — деді В.Школьник.

«Бұдан басқа да меморандумдарға қол қойылған, бірақ, олардан еш қайыр болған жоқ», -деді ол.

Министрдің айтуынша, «жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстанның өнімдерін сатып алуды шамалы ұлғайтқанымен, аталған меморандумдардың орындалуын ешкім қадағалап отырған жоқ, жер қойнауын пайдаланушылар да, біршама сылбырлау келетін машина жасаушылар да, шындығын айту керек, біздің министрліктегі шенеуніктер де оны орындамай отыр».

«Ондайды доғарып, сөзімізде тұратын болайық, олай болмаған жағдаймен мен ешқайсысы да, атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушылар өз сөздерінде тұрмағанын жария етуге мәжбүр боламын», — деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар