Жер қойнауын пайдаланушылардың ілеспе газды кәдеге асыру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы тексерілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жер қойнауын пайдаланушылардың ілеспе газды кәдеге асыру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы тексерілмек

Жер қойнауын пайдаланушылардың ілеспе газды кәдеге асыру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы тексерілмек

Бас прокуратура жер қойнауын пайдаланушылардың ілеспе газды кәдеге асыру бағдарламасын қалай жүзеге асырып жатқанын 3-ші тоқсанда тексереді, деп ведомство департаментінің басқару бөлімінің бастығы Алан Тленчиев мәлім етті.

  • 24 Маусым 2011
  • 416
Фото - Caravan.kz

Бұл ретте ол ілеспе газды жағып жіберу тәжірибесі экологиялық, экономикалық зиян келтіріп, мұнай кенішінің маңындағы топыраққа, өсімдік және жануарлар әлеміне теріс әсер етіп, парниктік эффектіні ұлғайтады деп атап өтті.

Ол жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан орын алып отырған бірқатар бұзушылықтарды атап өтті. Мысалы, «ҚазГерМұнай» жоспар бойынша 2010-шы жылдың 1-ші шілдесіне дейін газ өңдейтін қондырғыны іске қосатындығын міндетіне алған.

«Ол міндет әлі күнге оныдалған жоқ. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, анықталған олқылықтар жойылуда», — деді прокуратура өкілі.

Оның айтуынша, «Бузачи Оперейтинг ЛТД» компаниясының филиалы тарапынан 2009-2010-шы жылдары ілеспе газды мөлшерінен артық жағу түріндегі бұзушылықтар орын алған.

Соңғы жаңалықтар