Жер шарының 6 құрлығының 100-ден астам елін аралап, Антарктида мен Арктикада болған танымал меценат Сапар Ысқақов «Жер шарын айнала саяхат» атты кітабын таныстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жер шарының 6 құрлығының 100-ден астам елін аралап, Антарктида мен Арктикада болған танымал меценат Сапар Ысқақов «Жер шарын айнала саяхат» атты кітабын таныстырды

Жер шарының 6 құрлығының 100-ден астам елін аралап, Антарктида мен Арктикада болған танымал меценат Сапар Ысқақов «Жер шарын айнала саяхат» атты кітабын таныстырды

Бүгін ҚР Спорт және туризм министрлігінде астаналық кәсіпкер, танымал меценат Сапар Ысқақовтың «Жер шарын айнала саяхат» атты кітабының таныстырылымы болды.

  • 9 Желтоқсан 2010
  • 723
Фото - Caravan.kz

10 тараудан тұратын кітапта автордың көп қырлы қоғамдық қызметі, әлем елдерін аралған кездегі жазбалары және өзінің жаңа жобалары жайында кеңінен баяндалған.

Шамасы келсе тағы да кітап жазатындығын баса айтқан ол бұған дейін «Дүние дидарына іңкәр жиһангез» және «Дүниедегі сегізінші ғажайып, не болмаса дүние дидары жиһангездің көзімен» атты кітаптарының жарыққа шыққанын тілге тиек етті. «Осы үш кітапты да қазақшаға толық аударып, интернетке салу ойымда бар. Кітаптарымды қазақ мектептеріне, кітапханаларға, ЖОО-ларға таратамын. Жалпы, әлі де 2-3 кітап шығару ойымда бар. Оған жинаған материалдарым жеткілікті»», — деді С.Ысқақов.

Айта кетейік, С.Ысқақов 2007 жылы Оңтүстік полюстен шамамен 100 шақырым жерде орналасқан «Амундсен-Скотт» американдық стансысында болып, онда Қазақстан мен «Нұр Отан» партиясының туларын орнатқан болатын. Ал 2008 жылы Жердің ең Солтүстік нүктесінде Қазақстан туын желбіреткен еді. Сондай-ақ сағатына 2500 шақырым жылдамдықпен зымырайтын МИГ-29 әскери ұшағымен де көкке көтерілген болатын. Ол жер шарының 6 құрлығының 100-ден астам елін аралап, Антарктида мен Арктикаға табаны тиген алғашқы қазақтардың бірі.

Перейти к новостям спорта