Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін, 15-ақпанда Алматыда 5 сағат 39 минутта қуаты 4,5 балл шамсында жер асты дүмпулері сезілді. Зардап шеккендер мен бүліністер туралы ақпарат түскен жоқ.
Қырғызстан сейсмология институтының мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Көк шал асуының оңтүстік баурайында, ҚХР аумағында, Қаракөл қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 130 шақырымда болды. Қаракөлде дүмпу қуаты 5 балл, Қажысайда 4 балл, Бішкекте 3 балл болды.
Қырғызстан Республикасы экология және төтенше жағдайлар министрлігінің алдын-ала мәліметіне сәйкес, құрбан болғандар мен бүлінген ештеңе жоқ.