Жер сілкінісі салдарынан Алматы облысында бірнеше мектеп ғимаратына ақау келді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жер сілкінісі салдарынан Алматы облысында бірнеше мектеп ғимаратына ақау келді

Жер сілкінісі салдарынан Алматы облысында бірнеше мектеп ғимаратына ақау келді

Жер сілкінісі салдарынан Алматы облысында бірнеше мектеп ғимараты мен тұрғын үйлердің қабырғасына ақау келді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы Владимир Работягов хабарлады.

  • 1 Желтоқсан 2003
  • 552
Фото - Caravan.kz

Алдын-ала мәлімет бойынша, облыстың Ұйғыр және Райымбек аудандарында 7-8 мектептің ғимараты бүлінген. Ал бүлінген үйлердің нақты санын Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан құрылған арнайы топ анықтау үстінде. Қазақстан аумағында зілзаладан зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 1-желтоқсанда таңертеңгі 7 сағат 40 минутта Алматы және Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 300 шақырымда, Нарынқолға таяу жерде ҚХР аумағында болған. Сілкініс ошағында 7 баллдық, ал Алматыда 4 баллдық жер асты дүмпуі тіркелді.
Шетелдік ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, ҚХР-да жер сілкінісі салдарынан 10 адам қаза тапқан, жарақаттанғандар да бар. Зілзала ошағында құтқару қызметтері жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар