Жарияланды: 310

Жер үйде шыққан өрт үш сәбидің өмірін жалмады

Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют қаласында жер үй өртеніп, үш сәби түтінге тұншығып мерт болды. Екеуі 2 жастан енді асқан егіздер болса, үшіншісі 6 жасар бүлдіршін еді. Балалардың анасы кешкісін пешті жағып, туыстарының үйіне кетіп қалған екен.

Кешкі сағат тоғыз шамасында дұрыс орнатылмаған пештен жалын шығып, үйдің 45 шаршы метр аумағын өрт шалған. Осыдан шиеттей 3 бала тұншығып қалды. Сәбилерін үйге қамап, туыстарына кеткен әйел өртеніп кеткен үйіне тек түн ауа бір-ақ келген. Ал отағасы Астанаға жұмыс іздеп кетіпті.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін