Жерар Депардье:
«Мен 10 жасымда 15-тегі жеткіншек сияқты көрінетінмін. Ерте есейгенімнің кесірі болса керек. Ең бастысы, кішкентайымнан іштей гомосексуалист екенімді сезетінмін. 16 жасымда алғаш еркекпен төсектес болдым. Әрине, тегін емес. Есесіне, киноға келдім.
Осы сынды Депардьенің кітабынан келтірген біраз үзіндіні бүгін британдық «Daily Mail» газеті жария етті. Автобиографияда бұдан өзге актердің нағыз қылмыскер болғаны, көлік пен мола тонап, абақтыға отырғаны өз ауызымен баяндалған. Әзірге кітаптың таралымына ресми рұқсат етілмеген. Бірақ оқып шыққандардың айтуынша, Жерар өзі туралы бар шындықты жазыпты. Мәселен, қартайған шағында неге жалғыз қалғанын, 4 баласының бірі – ұлы Гийомның өліміне не себеп болғанын, ең бастысы соңғы уақытта қызу талқыға түскен Ресей президенті Владимир Путинмен арадағы қарым-қатынасы сөз етілген. 2008 жылы 38 жастағы Гийом Депардье өкпе дертінен көз жұмған еді. Бірақ енді арада 6 жыл өткенде әкесі шындықтың бетін ашқандай. Яғни, ұлының түбіне де актерлігі жеткен көрінеді. Мансап үшін ол да гомосексуализмге әуестенген екен. Француз актері отанынан безіп, қазір Ресейде тұрып жатыр.