Жердегі жұмақ Швейцарияға төрт АЭС-тің қуаты жетпей жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жердегі жұмақ Швейцарияға төрт АЭС-тің қуаты жетпей жатыр

Жердегі жұмақ Швейцарияға төрт АЭС-тің қуаты жетпей жатыр

Швейцария Үкіметі елдегі АЭС құрылысына салынған шектеуді алып тастау туралы бастама көтерді.

  • 29 Тамыз
  • 14
Фото: ашық дереккөз

Еуропа жасыл энергиямен күн көріп жатыр деген тым пафос болып кеткен болар, енді олар халықтан рұқсат сұрап АЭС құрылысын бастауды қарастырып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы журналист Алмас Алтай мәлімдеді.

Швейцария Үкіметі елдегі АЭС құрылысына салынған шектеуді алып тастау туралы бастама көтерді.

2011 жылы Фукусимада болған жағдайдан соң Швейцария «атом қуатынан бас тартамыз» деп мәлімдеп, 2018 жылы діттегеніне жетіп, елде АЭС салу деген тақырыпқа толық тоқтау салған.

Алайда, бұл тым асығыс қабылданған шешім болған сыңайлы. Кеше Bloomberg швейцар Үкіметінің «АЭС құрылысына қойылған шектеуді алып тастайық» деген бастама көтеріп, аталмыш заң нормасын Швейцария Парламентіне ұсынатын болғанын жазды. Ұсыныс жыл соңына дейін егжей-тегжейлі зерттеледі, өз кезегінде Парламент бұл тақырыпты 2025 жылдан бастап талқылайтын болады.

Күні бүгін Швейцарияда бақандай төрт АЭС жұмыс істеп тұр.

— Бецнау АЭСі — 1965 жылы басталған, 1969 іске қосылған;

— Мюлеберг АЭСі — 1967 жылы құрылысы басталып, іске 1971 жылы кіріскен;

— Лайбштадт АЭСі 1972 жылы басталып, 1984 жылы жұмыс істей бастаған;

— Гёсген АЭСінің құрылысы 1973 жылы басталып, 1979 жылы іске қосылған.

Байқап отырсыз, мынау төрт станция да әбден ескірген, тіпті кейбіреулері толық қуат та беріп тұрған жоқ.

Өз жағдайлары өздеріне аян, оның үстіне экономикалық болжам деген нәрсе нақты жұмыс істейтін елдер ғой — алдағы он жылда не болатынын біліп ерте бастан қамданып жатқаны анық!

«2018 жылы қабылдап тастаған шешіміміз кішкені пафостылау боп кетіпті» деп мойындап, енді АЭС құрылысына халықтан рұқсат алуға талпынып жатыр. Ал, біздің тиктоктағы әскеріміз «Еуропа жасыл энергетикамен күн көріп отыр, дамып жатыр, бәрі керемет» деп шулап отыр. Бәрі керемет болса жердегі жұмақ Швейцария АЭС сала ма?», — деп жазды журналист.