Жердің игерілмеуінің басты себебі - тұрғын үй құрылыстарына берілген жер телімдерінде тиісті инфрақұрылымның болмауы - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жердің игерілмеуінің басты себебі - тұрғын үй құрылыстарына берілген жер телімдерінде тиісті инфрақұрылымның болмауы

Жердің игерілмеуінің басты себебі - тұрғын үй құрылыстарына берілген жер телімдерінде тиісті инфрақұрылымның болмауы

Еліміздегі жердің игерілмеуінің басты себебі, тұрғын үй құрылыстарына берілген жер телімдерінде тиісті инфрақұрылымның болмауына байланысты орын алған.

  • 5 Қараша 2012
  • 420
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров мәлім етті.

Агенттік төрағасының айтуынша, жерді тиімді әрі ұтымды пайдаланудың ең басты мәселесі оны кешенді түгендеуге байланысты болып табылады.

«Ағымдағы жылы еліміздегі жеке тұрғын үй құрылыстарына берілген жер учаскелерін түгендеу жұмыстары жүргізілді. Республика бойынша түгендеу жұмыстары толық аяқталып, участоктарды зерттеу жұмыстары 100 пайызға орындалды»,-деді Қ. Отаров.

Оның айтуынша, жерді игермеудің басты себебі, тұрғын үй құрылыстарына берілген жерлерге тиісті инфрақұрылымның дайын болмауына байланысты орын алып отыр.

«Қажетті инфрақұрылымның жоқтығын көптеген өңірлерде елді мекендердің бас жоспарының және оларды игерудің егжей-тегжейлі жоспарлаудың болмауымен түсіндіреді»,-деді Агенттік төрағасы Қ. Отаров.

Соңғы жаңалықтар