Жергілікті атқарушы органдар нысаналы трансферттердің 67 пайызының пайдаланылмай қалуына жол берген - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жергілікті атқарушы органдар нысаналы трансферттердің 67 пайызының пайдаланылмай қалуына жол берген

Жергілікті атқарушы органдар нысаналы трансферттердің 67 пайызының пайдаланылмай қалуына жол берген

Жергілікті атқарушы органдар нысаналы трансферттердің шамамен 67 пайызының пайдаланылмай қалуына жол берген.

  • 31 Мамыр 2011
  • 290
Фото - Caravan.kz

Бүгін ҚР Парламенті Сенатында 2010 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті есебінің таныстырылымы барысында комитет төрағасы Омархан Өксікбаев осылай мәлім етті.

«2010 жылдың соңында республика деңгейінде 37,6 млрд.теңге игерілмей қалды. Жергілікті атқарушы органдар нысаналы трансферттердің шамамен 67 пайызын немесе 25,1 млрд.теңгенің пайдаланылмай қалуына жол берген. Оның ішінде 11,4 млрд.теңге — ағымдағы трансферттердің және 13,7 млрд.теңге — даму трансферттерінің еншісіндегі қаражат болатын. Ал Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, 2011 жылы 18 млрд. теңгеге жуық нысаналы трансфертті нысаналы бағытын сақтай отырып пайдалануға рұқсат етілген. Алайда Есеп комитеті жүргізген бақылаудың нәтижелері көрсеткендей, 2011 жылы Үкімет инвестициялық жобаларды іске асыру үшін тек 9,1 млрд. теңгені пайдалануға рұқсат берген», — деді Есеп комитетінің төрағасы. Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен өзара іс-қимылының қолданыстағы тетігі бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын және игерудің тиімділігін қамтамасыз етпейді.

Соңғы жаңалықтар