Жергілікті соттардың жұмыс үрдісінде қылмыстық істерді автоматты тарату жүйесін қолдану сыбайлас жемқорлықты азайтуға түрткі болады - ҚР Жоғарғы сотының төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жергілікті соттардың жұмыс үрдісінде қылмыстық істерді автоматты тарату жүйесін қолдану сыбайлас жемқорлықты  азайтуға түрткі болады - ҚР Жоғарғы сотының төрағасы

Жергілікті соттардың жұмыс үрдісінде қылмыстық істерді автоматты тарату жүйесін қолдану сыбайлас жемқорлықты азайтуға түрткі болады - ҚР Жоғарғы сотының төрағасы

Жергілікті соттардың жұмыс үрдісінде қылмыстық істерді автоматты тарату жүйесін енгізу республикамыздың сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты азайтуға түрткі болады. Бұл туралы бүгін, 25-наурызда "Жергілікті соттардың ролін арттыру" тақырыбында Астанада өткен халықаралық конференцияда ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Наурыз 2004
  • 529
Фото - Caravan.kz

Қ.Мәмидің айтуынша, «егер қылмыстық істерді аудандық судьялар арасында тарату міндетін сот төрағасы емес, компьютер атқарса, ондай жағдайда , жұмыс барысындағы субъективтік әсерлер жойылып, сыбайлас жемқорлықтың жергілікті соттарға тигізетін ықпалын кемітуге мүмкіндік жасалады». Оның айтуынша, қылмыстық істерді аудандық судьялар арасында компьютер көмегімен автоматты тарату жүйесін қолданысқа енгізу қажеттігіне негіздеме болатын тиісті пункт конференцияның қорытынды құжаты болып табылатын нұсқаулар жобасына қамтылды.

Аталмыш нұсқаумен қоса, ҚР Жоғарғы соты төрағасының айтуынша, жобаға аудандық соттардың материалдық-техникалық базасын нығайту және «Жоғарғы сот судьялары мен аудандық соттар судьяларының жалақылары арасындағы сәйкессіздікті реттеу» қажеттігі туралы ұсыныстар енгізілген. Қ.Мәмидің пікірінше, аудандық сот судьяларының жалақысы ҚР Жоғарғы соты төрағасының жалақысының 70 процентінен төмен болмауы тиіс. Нұсқаулардың ақырғы жобасы ертең, конференцияның соңғы күнінде бекітіледі.

Соңғы жаңалықтар