Жергілікті тұрғындар митингіге шыққан соң ТШО күкірт өңдеу жөніндегі зауытпен келісімшартты бұзды
"Теңізшевройл" (ТШО) мұнай компаниясы Доссор елдімекенінің тұрғындары күкірт өңдеу жөніндегі мини-зауыттың салынуына қарсы шыққан соң "Доссор процессинг компани" ЖШС-мен арадағы келісімшартты бұзды. |
"Мен "Теңізшевройл" компаниясының басшылығымен, оның ішінде бас директор Тим Миллермен кездестім. Оның маған мәлімдеуінше, оқиғадан соң "Теңізшевройл" "Доссор процессинг компании" ЖШС-мен арадағы келісімшартты бұзды", деді "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов.
Алдында хабарланғандай, 5-мамырда Доссордың жүзден аса тұрғыны наразылық білдіріп, теміржолды бөгеген, соның салдарынан Маңғыстау - Атырау жолаушылар поезының қозғалысы екі сағатқа, жүк поезының қозғалысы 1 сағат 20 минутқа тоқтатылған болатын.
Осы арқылы тұрғындар Доссор станциясында орналасқан күкірт өңдеуші мини-зауыттың жұмысына қарсылық білдірген.
Олардың айтуынша, бұл зауытта күкірт ұдайы еленеді, күкірттің ұсақ бөлшектері араласқан шаң бүкіл жерге таралады.
"Теңізшевройл" ЖШС-нің қатысушылары Chevron (50%) және ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), Қазақстан "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы арқылы (20%) ие және ресейлік -америкалық LUKArco бірлескен кәсіпорын (5%).
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін