Жергілікті тұрғындар митингіге шыққан соң ТШО күкірт өңдеу жөніндегі зауытпен келісімшартты бұзды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жергілікті тұрғындар митингіге шыққан соң ТШО күкірт өңдеу жөніндегі зауытпен келісімшартты бұзды

Жергілікті тұрғындар митингіге шыққан соң ТШО күкірт өңдеу жөніндегі зауытпен келісімшартты бұзды

"Теңізшевройл" (ТШО) мұнай компаниясы Доссор елдімекенінің тұрғындары күкірт өңдеу жөніндегі мини-зауыттың салынуына қарсы шыққан соң "Доссор процессинг компани" ЖШС-мен арадағы келісімшартты бұзды.

  • 8 Шiлде 2011
  • 712
Фото - Caravan.kz

«Мен «Теңізшевройл» компаниясының басшылығымен, оның ішінде бас директор Тим Миллермен кездестім. Оның маған мәлімдеуінше, оқиғадан соң «Теңізшевройл» «Доссор процессинг компании» ЖШС-мен арадағы келісімшартты бұзды», деді «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов.

Алдында хабарланғандай, 5-мамырда Доссордың жүзден аса тұрғыны наразылық білдіріп, теміржолды бөгеген, соның салдарынан Маңғыстау — Атырау жолаушылар поезының қозғалысы екі сағатқа, жүк поезының қозғалысы 1 сағат 20 минутқа тоқтатылған болатын.
Осы арқылы тұрғындар Доссор станциясында орналасқан күкірт өңдеуші мини-зауыттың жұмысына қарсылық білдірген.
Олардың айтуынша, бұл зауытта күкірт ұдайы еленеді, күкірттің ұсақ бөлшектері араласқан шаң бүкіл жерге таралады.
«Теңізшевройл» ЖШС-нің қатысушылары Chevron (50%) және ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), Қазақстан «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы арқылы (20%) ие және ресейлік -америкалық LUKArco бірлескен кәсіпорын (5%).

Соңғы жаңалықтар