«Жерлеудің жайы жан ауыртады» - баспасөзге шолу - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жерлеудің жайы жан ауыртады» - баспасөзге шолу

«Жерлеудің жайы жан ауыртады» - баспасөзге шолу

"Егемен Қазақстан" «Жерлеудің жайы жан ауыртады» деген мақала берілген. «Қолымызға қалам алып, хат жазуымызға қостанайлық ақын Нағашыбай Мұқатовтың «Жерлеу рәсімі бір жүйеге келсе» деген (25.04.2015 ж.) мақаласы ойтүрткі болды.

  • 9 Қыркүйек 2015
  • 1307
Фото - Caravan.kz

Мына жалған дүниеде тозбайтұғын темір, озбайтұғын өмір жоқ. Кез келген тіршілік иесінің талқанының қашан, қай жерде, қалай таусылатынын ешкім дөп басып алдын ала айта алмайды. Мақала авторы Нағашыбай Мұқатов басылым бетінде: «Жалпы, бұқара жұртшылықтың айтуынша, Қазақстанда жарық дүниемен қош айтысқан жандарды мәңгілік сапарға шығарып салу рәсімінің мойындалған, қуатталған, ортақ тәртібі байқалмайды» деп орынды мәселе көтеріпті. Ойды, әрине, ой қозғайды. Газетте көтерілген мәселені қолдай отырып, ол жайында көңілде жүрген бірді-екілі ой-пікірімізді ортаға салсақ деймін»,-деп жазады мақала авторы.

Қайтыс болған адамның артынан дәм беру — атамзаманнан келе жатқан салт-дәстүр. Бұл — қазекеңнің қанына сіңген қасиет. Осынау дәстүр сабақтастығы кешегі қиын кезеңдердің өзінде де үзілген жоқ. Сол дәм татыру қазір ауылдық жерде қайдам, Қарағанды шаһарында кішігірім той сияқты өтеді. Бақи болған жанның құрметіне алғашқы күні кешке (мешіт асханасы көбіне бос болмағандықтан) мейрамхана немесе тойханада 100-150 (кейде  — 200) адамға арналып тамақ беріледі. Дастарқан үстіне неше түрлі тағам қойылады. Келесі күні «мәйітті» жерлеп келген соң, әлгі мейрамханада осыншама адамға қайтадан ас дайындалады.

«Осы орайда: «Ертеректе тынысы үзілген жанды Жер-ананың қойнына тапсырған соң ғана ас ішілетін. Қазір мүлде басқаша. Асханаға жиналған жұрт назары табақ-табақ етке аударылады. Сойылған мал семіз болса, қазысы үш елі екен, болмаса кірпіш екен деп, ал арық болса, қоңдысын таба алмаған ба?» — деп және әңгімеге айналдырады» деген мақала авторының айтқаны біздің жақта да бар. Пайғамбарымыз астың ысырап болғанын еш қаламаған. Кейде қалып қойған, басы артық асты көргенде ішің удай ашиды», — дейді автор.

«Айқын» газетінің жазуынша, қазақстандықтарға «сәбес», «ГЦВП», «БТИ», тіпті ХҚКО (ЦОН) деген сөздерді ұмытуға тура келетінге ұқсайды. Қазіргі кезде халық арасында осылай аталатын ұйымдар енді тарих қойнауына кетпек.

Олардың орнына мемлекет атынан бұқарамен байланыс жасайтын алпауыт корпорация құрылады. Кеше Парламентте «мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері» бойынша қолданыстағы ұлттық заңнаманы өзгертетін жаңа заң жобасының тұсауы кесілді. Бұл құжат «Азаматтар үшін үкімет» (Азаматтарға арналған Үкімет) құруды қарастырады. 

Жобаны қалаулыларға таныстырған Инвестициялар және даму вице-министрі С.Сәрсеновтің түсіндіруінше, «Азаматтар үшін үкімет» деген ұғым бұдан былай мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері болып табылатын корпорацияның қызметін білдіретін болады. Бұл туралы
«Азаматтарға арналған үкімет құрылады»
атты мақаладан толық оқи аласыздар.

Осы басылымда «Әкім мен прокурордың тіресі немесе мектептер заңсыз тексеріліп жүр ме?» деген мақала көпшілік назарына ұсынылып отыр. Таяуда Шымкентке жаңадан тағайындалған әкім Ғабидолла Әбдірахимов кезекті жиындардың бірінде жергілікті прокуратура органдарының қызметін сынға алған еді. Қала басшының қатқыл пікір білдіруіне прокурорлардың мектептерді тым көп тексеретіндігі себеп болған. Өз кезегінде Әбдiрахимов заңды қадағалаушы қызметкерлерді білім ұясынан аулақ кетіп, қоғамда белең алған қылмыстарды ауыздықтаумен айналысуға шақырған еді. Жаңа әкімнің тағайындала сала бетіне кісі келмейтін прокурорлардың «жағасынан алуы» жұртты таң-тамаша қалдырған. Арада апта өтпей-ақ олар да қарап қалмай, өз істерінің заң аясында екендігін дәлелдеуге кіріскені естілген еді. Міне, енді Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы өздерінің көзқарасын ресми түрде мәлімдеп те отыр. 

«Казахстанская правда» газеті «Возрождается Шелковый путь» атты материалда қытайлық Шэньси провинциясынан Алматы облысына достық керуені келгіндігін жазады. Өткен сенбіде Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Қорғас» бекетінен ҚХР-дан меймандардың үлкен делегациясы өтті. Бұл шара Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне орай ұйымдастырылып отырған көрінеді. Керуен еліміздің бірнеше қалалары арқылы өтіп, Таразға атбасын тірейді.

Соңғы жаңалықтар