Жеррорта теңізінде кеме апатқа ұшырап 400 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеррорта теңізінде кеме апатқа ұшырап 400 адам қаза тапты

Жеррорта теңізінде кеме апатқа ұшырап 400 адам қаза тапты

Жерорта теңізінде жолаушылар кемесі апатқа ұшырап, 400-дей адам қаза тапты. Суға кеткендердің бәрі  – Ливия азаматтары. Олар туған жерін тастап, Италияға табыс табуға бара жатқан.

  • 16 Сәуiр 2015
  • 275
Фото - Caravan.kz

Кемеде бас-аяғы 550 заңсыз мигрант болыпты. Көбі әлі кәмелетке толмаған балалар. Аузы-мұрнынан адамға толған кеме артық салмақты көтере алмай, жарты жолда суға батыпты. 150 адам құтқарылды. Қазір олар Италиядағы Реджо-ди-Калабрия қаласында. Тірі қалғандар кері елдеріне қайтарылады. Жалпы, Жерорта теңізінде жылда осы уақытта жайлы тұрмыс пен жұмыс іздеген мыңдаған африкалық мигранттар қаза табады. Қайыққа, ірілі-ұсақты кемеге отырған олардың көбі діттеген жерлеріне жете алмай қалып жатады.