Жетекші әлемдік биржаларда мұнай бағасы күрт құлдырады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетекші әлемдік биржаларда мұнай бағасы күрт құлдырады

Жетекші әлемдік биржаларда мұнай бағасы күрт құлдырады

Жетекші әлемдік биржаларда мұнай бағасы бірден бірнеше долларға төмендеді.

  • 15 Қазан 2014
  • 466
Фото - Caravan.kz

Сонымен, 2014 жылғы 14 қазандағы сауда-саттық нәтижесі бойынша Нью-Йорктегі New York Mercantile Exchange (NYMEX) мерзімді тауар биржасына WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы $3,90-ға түсіп, барреліне $81,84 құрады, деп хабарлады Утро.ру.

Сонымен қатар 14 қазандағы сауда-саттық нәтижесі бойынша InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электрондық тауар биржасында Brent мұнайының ресми бағасы $3,85-ға түсіп, барреліне $85,04 құрады.

Мұнайға бағаның құлдырауы әлемдік ұсыныстың өсіп, сұраныстың төмендеуінен орны алуда. Халықаралық энергетикалық агенттік (IEA)  14 қазанда мұнайға әлемдік орташа тәуліктік сұраныстың өсім болжамын 1,3 млн баррельден 700 мыңға дейін төмендетті.  IEA 2014 жылдың ішінде  әлемде мұнайды орташа тәуліктік тұтыну көлемі 92,4 млн баррельді құрайды деген болжам жасап отыр.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы қыркүйекте әлемдік нарыққа мұнай жеткізу күніне 910 мың баррельге — күніне 93,8 млн. барелльге дейін ұлғайды. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда, 2,8 млн. баррельге артық.