Жеті әйелді жолда босандырдым - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 591.06
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеті әйелді жолда босандырдым

Жеті әйелді жолда босандырдым

Фельдшер Дархан Бақыткелді 4 жылдық тәжірибесінде басынан түрлі жағдайлар өткенін айтады. Тіпті аяғы ауыр әйелдерді жолда босандырып алуына тура келген. 

  • 12 Мамыр 2023
  • 69
Фото - Caravan.kz


Ол бұл туралы "Halyq Uni" бағдарламасында берген сұхабатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Жедел жәрдем станциясында жұмыс істеймін, 2019  жылдан бері жеті әйелді босандырғам. Аллаға шүкір бәрі аман-есен босанды. Ең біріншісі қазір төрт жаста.  Бұл қалыпты жағдай. Ол — біздің міндетіміз, жұмысымыз, мақтанып айтатын нәрсе емес. Біз акушерлік шұғыл көмекті оқыдық. Бірақ көбі сасып қалады. Менде соңғысы 22 сәуірде болды, ең қиыны да сол болды. ", — дейді ол.