Жарияланды: 310

Жеті жарым мыңнан астам шекарашы қызметтік пәтерге зәру

Қазақстанда 7,5 мыңнан астам шекарашы қызметтік пәтерге зәру, деп ҰҚК Шекара қызметі директорының міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбеков мәлім етті.

«Шекара қызметінде қордаланған әлеуметтік мәселелер тездетіп шешуді талап етеді. Шешуді талап ететін мәселелер арасында шекараны жабдықтауға ғана емес, әскери қызметкерлерді пәтермен қамтамасыз ету мәселесі де бар. Бүгінгі таңда 7,5 мыңнан астам шекарашы қызметтік баспанаға зәру», - деді ол мәжілістің сәрсенбі күнгі жалпы отырысында. «Көптеген заставаларда, әсіресе қазақ-қытай шекарасында өткен ғасырда салынған ғимараттар бар. Бірақ, біз қазір салалық бағдарламада бұл мәселелерді қамтыдық. Мысалы, 2020 жылға дейінгі салалық бағдарламада мемлекеттік шекараны жабдықтау, соның ішінде баспана салу жайы қарастырылған», - деп хабарлады Т.Стамбеков. Оның айтуынша, биыл Шекара қызметі Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 10 жаңа застава құрылысын бастады. «Жыл соңына дейін Павлодар мен Талдықорғанда екі үй пайдалануға беріледі. Каспийде 20 пәтер сатып алдық, Бұл проблеманы біртіндеп шешіп жатырмыз», - деп қосты ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін