Жеті жұп егіз: Тәуелсіздік күні елімізде 725 сәби дүниеге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 495.1
  • 583.72
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеті жұп егіз: Тәуелсіздік күні елімізде 725 сәби дүниеге келді

Жеті жұп егіз: Тәуелсіздік күні елімізде 725 сәби дүниеге келді

Мерекеде туған нәрестелердің 362-сі ұл және 363-і қыз

  • 17 Желтоқсан 2025
  • 4
ФОТО: Harald_Landsrath

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тәуелсіздік күні елімізде 725 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Олардың ішінде 7 жұп егіз бар.

Бұл күні жаңа туған нәрестелердің арасында ұлдар мен қыздардың саны бірдей болды — 362 және 363.

«Перзентханалардың медицина қызметкерлері мереке күні аналар мен жаңа туған нәрестелерге сапалы және уақтылы көмек көрсетіп, жауапкершілік пен біліктіліктің жоғары деңгейін растады», — дейді министрлік.

Кеше мерекеде Астанада таңғы уақытта 18 сәби дүние есігін ашқан болатын. Олардың – 7-уі ұл, 11-і қыз.