Жетіген аспабымен жазылған алғашқы күйтабақтың тұсауы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетіген аспабымен жазылған алғашқы күйтабақтың тұсауы кесілді

Жетіген аспабымен жазылған алғашқы күйтабақтың тұсауы кесілді

Алматыда жетігенші Қорлан Картенованың «Толқын легі» атты алғашқы күйтабағының тұсаукесеріне арналған концерт өтті.

  • 5 Маусым 2012
  • 629
Фото - Caravan.kz

«Бұл тек менің ғана емес, жетіген аспабымен шығарылған еліміздегі тұңғыш күйтабақ болып отыр. Ұстазым Нұргүл Жақыпбектің көмегімен жетігеннің қыр-сырын меңгеріп, көптеген жетістіктерге жеттім. Арнайы үнтаспа шығару армандарымның бірі болатын. Оған халықтың және қазіргі заманғы ән-күйлер мен өзімнің жеке шығармаларым топтастырылды», — дейді республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, әнші-сазгер, жетігенші Қорлан Картенова

Күйтабаққа 12 шығарма енді. Олар — Қайрақбайдың «Бұлғын сусар» мен «Мергеннің мұңы», Б. Бекмұханбетовтың «Алтыныма», Н. Тілендиевтің «Аққу», В. Гоместің «Анонимный романс», Ақан серінің «Балқадиша» және халық әні «Бір бала» мен өзінің «Шаттық», «Көктем шуағы», «Толқын легі», Т.Молдағалиевтің сөзіне жазылған «Көңіл сыры», Б. Қашкынбекованың сөзіне жазылған «Өмір күрес» шығармалары.

Жас өнерпаздың ұстазы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Н.Жақыпбектің айтуынша, жетіген халқымыздың ұзақ уақыт ұмыт болып, соңғы ширек ғасырда ғана қайта жаңғырып, ортамызға қайта оралған аспабы. Сондықтан ол шәкіртіне 2011 жылдың 26 мамырында «Сырлы сазды жетіген» деген тақырыппен тұңғыш есеп беру кешін өткізуіне түрткі болған. Ал биыл Ықы­лас атындағы мемлекеттік ұлттық аспап­тар мұражайында 30 мамыр күні бірқатар жетігеншілердің басын қосып арнайы үлкен кеш өткізген. Оған арнайы хабарландыру жасалмаса да көрермен көп жиналып, 2,5 сағат бойы өнер сүйер қауым үлкен қошемет көрсетіп отырған.

Перейти к новостям спорта