«Жетіген-Қорғас» теміржол желісіндегі құрылыс ұйымдары талаптарды өрескел бұзып отыр - Бас көлік прокуратурасы - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+34 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жетіген-Қорғас» теміржол желісіндегі құрылыс ұйымдары талаптарды өрескел бұзып отыр - Бас көлік прокуратурасы

«Жетіген-Қорғас» теміржол желісіндегі құрылыс ұйымдары талаптарды өрескел бұзып отыр - Бас көлік прокуратурасы

«Жетіген-Қорғас» теміржол желісіне тартылған құрылыс ұйымдары еңбек жағдайындағы, тұрмыстық қызметтегі, медициналық қамтамасыз етудегі, жұмысшыларды тамақтандырудағы санитарлық-эпидемиологиялық ереже талаптарын өркескел бұзып отыр. Бұл Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарланды.

  • 27 Шiлде 2011
  • 642
Фото - Caravan.kz

«Атап айтқанда, «Базис Құрылыс Компаниясы» ЖШС-ның барлық 960 жұмысшының 30 пайызы ғана арнайы киімдермен қамтамасыз етілген. Компанияның жатақхана бөлмелерінде адамдар тығыз орналасқан. Жұмысшылардың пайдаланып жүрген ауыз су сапасы да жалпы микробтық көрсеткіштері бойынша санитарлық ереже талаптарына сәйкес келмейді. Жұмысшылар асханасы да санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз іске қосылған», — делінген баспасөз айғағында.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда бұл бір ғана компанияның жағдайы емес, осындай қалыппен «Құлагер» ЖШС, «Жол жөндеуші» ЖШС, «ИнтерстройНС» ЖШС да жұмыс істеп келеді.

Осындай фактілерге орай, Жетісу көліктік прокуратурасы мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарымен бірлесіп, заңдылықтың бұзылуын жою шараларын жүзеге асыруда.