Жетім балаларды баспана кезегіне қоймағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.11
  • 523.82
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетім балаларды баспана кезегіне қоймағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады

Жетім балаларды баспана кезегіне қоймағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады

Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй алу үшін кезекке қою міндетін орындамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

  • 24 Желтоқсан 2012
  • 391
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.

Атап айтқанда, Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовтың айтуынша, құжат қолданыстағы «Салық кодексіне», «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне, «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

«Осы өзгерістерге орай, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды тұлғалары немесе жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері оларды, яғни жетім балаларды тұрғын үй алу үшін есепке қою жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ, оларға қатысты әрекеттер жасайтын тұлғалар жылжымайтын мүлік құқықтарын мемлекетік тіркеу кезінде төленетін алымдардан, мұрагерлікке құқық туралы куәліктерін алғаны үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылады. Іс жүзінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың алаяқтар іс-әрекеттерінің құрбандары болып, өз үйлерінен айырылып жатқан жағдайлар аз емес. Бұған жылжымайтын мүлікке құқықтарды уақытылы рәсімдемеу де себеп болып жатады. Аталған рәсімді жүргізу үшін қандай да бір ақша қаражаты талап етіледі де басым жағдайда осы санаттағы балалардың қаражаты болмай қалады. Сондықтан да, осындай жайтты ескере отырып, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж төлеуден, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркегені үшін алымдар төлеуден босату қажет», — дейді вице-министр С. Шаяхметов.