«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.
Аталған заң жобасы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, соның ішінде қамқоршылықтағы немесе қорғаншылықтағы, патронаттық тәрбиедегі балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету аясындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру қажеттілігінің туындауына байланысты әзірленді. Бұл ретте заң жобасы лауазымды адамдардың, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдерінің аталған санаттағы балаларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін есепке қоюы бойынша жауапкершілігін арттыруды қарастырады. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қоюдың бірыңғай тәртібі жасалатын болады. Бұдан бөлек, құжатта жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен бірінші кезекте қамтамасыз етуге баса назар аударылып отыр.
«Жетім балалар соғыс ардагерлері сияқты әлеуметтік санаттағы алғашқылардың бірі болып баспанаға қол жеткізулері керек. Біздің мемлекетте жетім балаларға үй беру мәселесіне белгілі бір деңгейде басымдық берілмеген. Заң жобасы арқылы біз жетім балаларды соғыс ардагерлерімен қатар әлеуметтік санаттағы алғашқылардың бірі болып үй алу жағын қарастырғымыз келеді. Әзірге олар ең бірінші болып мемлекеттен пәтер алуға құқылы 11 әлеуметтік санаттың 9-шы сатысында тұр», — деді Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов.