Жетім балаларды интернат мекемелеріне орналастыру үрдісінен еліміз біртіндеп бас тартуы тиіс - "Аманат" қоры - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетім балаларды интернат мекемелеріне орналастыру үрдісінен еліміз біртіндеп бас тартуы тиіс - "Аманат" қоры

Жетім балаларды интернат мекемелеріне орналастыру үрдісінен еліміз біртіндеп бас тартуы тиіс - "Аманат" қоры

Жетім балаларды интернат мекемелеріне орналастыру үрдісінен еліміз біртіндеп бас тартуы тиіс. Бүгін, 19-қаңтарда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында корпоративтік "Аманат" қорының басшылары осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Қаңтар 2004
  • 1041
Фото - Caravan.kz

«Аманат» қорының атқарушы директоры Шолпан Байболованың айтуынша, елімізде қазір жетім балалардың өмірін жайластырудың баламалы түрлеріне айтарлықтай назар аударылмайды. Осы орайда ол 2003-жылдың жазында өткізілген «Тәлімгерлік» атты бағдарламаның қорытындысы туралы хабарлады. Аталмыш жоба аясында Алматы және Алматы облыстарындағы интернаттарда тұратын 100 жетім бала оларды қабылдауға келісім берген отбасыларда 2 ай өмір сүрді. Тәлімгерлер 14 мың теңгеден жалақыға ие болып, оларға сол екі ай мерзімде әлеуметтік сала қызметкерлері мен психолог мамандар көмек көрсетті.

«Аманат» қоры басшыларының айтуынша, «Тәлімгерлік» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде балалардың көңіл-күйі жақсарып, олардың өзін-өзі бағалау деңгейі көтерілумен бірге балалар арасында көтеріңкі рух қалыптасқан.
Бағдарлама аяқталған кезде бір отбасы екі жетімді асырап алуға шешім қабылдады. Тәлімгер-отбасылар тағы бес баланы қамқорлыққа алмақшы. 77 жетім өздері өмір сүрген отбасылармен байланыстарын үзген жоқ. Отбасылар жетімдерді асырап алуға басты кедергі ретінде материалдық тауқыметтерді атауда. Дейтұрғанмен, бастапқыда ондай мақсат көзделмегендіктен Ш.Байболованың пікірінше, бағдарлама нәтижесінде екі баланың отбасымен қауышуы үлкен нәтиже болмақ.
Жобаның түрлі сатысында «Аманат» қоры патронаттық тәлім-тәрбие туралы халықтың хабардарлық деңгейін анықтауға зерттеулер жүргізді. Ұйымның зерттеу бағдарламаларының жетекшісі Марина Шамгулованың айтуынша, бағдарлама басталған тұста Алматы тұрғындарының небәрі 12 проценті патронаттық тәрбие, басқаша айтқанда жетімдерді уақытша отбасына алып тәрбиелеу туралы хабардар болса, желтоқсан айының соңында бұл сан 28 процентке дейін артты.
Сауалнамаға қатысушылардың 42 проценті жетім балаларды интернат мекемелеріне орналастыру үрдісінен біртіндеп бас тарту қажеттілігін атады. Респонденттердің 33 процентінің пайымдауынша, жетім балаларды жайғастырудың ең қолайлы түрі оларды отбасылық үлгідегі балалар үйіне орналастыру болмақ. Ал 28 проценті асырап алу, 25 проценті баланы қамқорлыққа алу, 18 проценті оларды «Сенім» тобына орналастыру дұрыс деген пікірде.
Қазақстанда патронаттық тәрбиені дамыту жобасы одан әрі жалғасын табады. «Аманат» қоры 2004-жылдың жазында бағдарламаға қатысушы тәлімгерлер санын арттырып, балалар санын да 150-ге жеткізбек ниетте. Осындай бағдарламалар Орал мен Павлодарда да басталады. Ш.Байболованың пікірінше, Алматы қалалық білім беру департаменті де патронаттық тәрбие жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыра бастамақшы.

Соңғы жаңалықтар