Жарияланды: 480

Жетім балаларға «Сиқырлы қобдиша» сыйланады

Қазіргі уақытта Астана қаласында 1028 жетім бала болса, олардың 348-і қаланың интернат мекемелерінде тәрбиеленуде. Тұңғыш Президент күніне Астана қаласының әкімдігі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік акция өткізуді қарастырған, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты.

«1000 бала тәтті сыйлықтар алады. Жетімдер мен тұрмысы төмен отбасының балаларына: қыздар үшін қолөнер бұйымдары жиынтығы, ұлдар үшін ағаш ұстасы жиынтығы «Сиқырлы қобдиша» сыйланады, - деп мәлімдеді Астана қаласы Білім басқармасы бастығының орынбасары Римма Иманғазинова. Сонымен қатар, оның айтуынша, Жаңа жыл қарсаңында 150 жетім балаға планшетті компьютер, ойыншықтар мен тәтті сыйлықтар беріледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін