Жетім баланы сабаған тәрбиешіге қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетім баланы сабаған тәрбиешіге қылмыстық іс қозғалды

Жетім баланы сабаған тәрбиешіге қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде жетім баланы сабаған тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

  • 5 Наурыз 2020
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы ktk.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Туберкулез дертінен емдейтін мемлекеттік шипажайда тәртіп бұзған оқушыларды мұндағылар ұрып тезге салған. Қазір баланы сабаған тәрбиешіден өзге, жанында болған әріптесі де жұмыстан қуылды. Өйткені ол озбырлықты көре тұра жасырып қалған.

Таң атқалы Ақтөбе шетіндегі мемлекетік «Шағала» шипажайында тәртіп сақшылары қаптап жүр. Олар балаларды уберкулезден емдейтін сауықтыру мекемесіндегі қызметкерлерді жаппай тергеуде. Өйткені мұндағы 57 жастағы тәрбиеші жетім баланы сабаған. Бұл роликті сондағы оқушылардың бірі түсіріп алып, анасына жіберген.

Бұған дейін де ол тәрбиешілердің балаларды ұратынын айтыпты. Бірақ ешкім құлақ аспаған. Шипажай директорының өзі таспа әлеуметтік желіге тарағанда «бір-ақ білдім» дейді. Қазір бала ұрған тәрбиеші де, оның дөрекі қылығын көрген әріптесі де жұмыстан қуылыпты.

Серік Жаңылсынов, «Шағала» шипажайының бас дәрігері:

— Өзінің айтуы бойынша, бір баланы тек қана ұрған. Бір бала қарсы сөйлеп, өзіне жаман сөздер айтқан тәрбиешіге. Әрине, жұмыстан шеттетеміз. Біздің өзіміз де өндірістік жиналыс өткізіп, талқылап, жұмыстан екеуін де шеттетеміз. Қасында болған тәрбиеші көріп тұрып тоқтатпағаны үшін, оны да жазалаймыз. Тәрбиешісінен таяқ жеген оқушының ата-анасы жоқ. Қобда ауданындағы отбасы үлгісіндегі жетімдер үйінің тәрбиеленушісі екен. Ал оны соққыға жыққан апайы 20 жылдан бері туберкулезден емдейтін осы шипажайда қызмет етіп келеді.

Енді 57 жастағы педагог заң алдында жауап береді.  


Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

— Алматы ауданы №4 полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 140-бабы, 2-тармағы бойынша сот алды тергеу амалдарын бастады. Сонымен қатар тиісті сараптама тағайындалды.    Аталмыш оқиғадан кейін облыстық деңгейде комиссия құрылды. Олар «Шағала» емдеу-сауықтыру шипажайындағы 106 балаға қандай жағдай жасалып жатқанын тексереді. Сондай-ақ мұндағы дәрігерлер мен барлық тәрбиеші біліктілігіне қатысты тексеруден өтеді.